Нидерландтың ПСВ (U-19) командасына қарсы ойында Дәулетов екі гол соғып, өз командасына 2:2 есебімен тең түсуге көмектесті. Қарсылас тарапынан бір голды Лиам ван Нистелрой соқты – ол «Манчестер Юнайтед» пен Нидерланд құрамасының аңызы Руд ван Нистелройдың ұлы.
Бұған дейін «Аякс» жасөспірімдеріне (5:0) қарсы өткен матчта Шахмұрат нәтижелі пас берген болатын. AS News мәліметінше, жақын арада Дәулетов Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақырылуы мүмкін. Дәулетов футболды алматылық «Қайрат» академиясында бастаған. Кейін Түркияның «Антальяспор» клубына ауысты. Содан соң Бельгияға барып, «Беерсхот» командасында өнер көрсетті. 14 жасында Шахмұрат «Генк» академиясына қабылданды.
Қазіргі таңда ол шабуылшы позициясында ойнайды.
Фото: ФК «Генк»©